«Ұлдар кеңесі» құрылған

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

«Ұлдар кеңесі» құрылған

 

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N99мектеп-гимназиясында "Қылмыссыз балалық шақ" акциясы жыл басынан бері жалғасын атуып келеді. Акция жоспарына сәйкес 5-11 сыныптар арасында жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы ақыл кеңесін аямайды. Сондай-ақ мектепте «Ұлдар кеңесі», «Қыздар кеңесі» құрылған. Кеңестің өз төрағалары сайланған. Аталған кеңес мүшелерімен,  мектеп психологымен бірлескен кездесу өткізіледі. Кездесу барысында суық қару қолданбау, тасып жүруге қатаң тиым салынатындығы, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 5-11 сыныптарда "Заң-Оқушы-Қоғам" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіледі. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға септесері сөзсіз.