Ұлттық тін үзілмейді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ұлттық тін үзілмейді

Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебі игі істерімен өзге оқу ордаларынан ұдайы оқ бойы озық тұрады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда, биік жетістіктерге жетуіне ықпал жасап отырады. Қазіргі жағдайға байланысты оқу кестесінен бөлек оқушылардың таным деңгейін көтеру үшін онлайн түрде түрлі байқаулар ұйымдастыруда... «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы. Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді де. Сол бір жылдардың ізі ел көкейінен өшкен жоқ , соғыс өртінің шарпуы тимеген шаңырақ бар ма екен, сірә? «Майдан», «тыл» деген жай аты ғана. Әйтпесе, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз – екеуі де жанкешті шайқас болатын. Ер азаматты оқ қинаған, бала-шағаны жоқ қинаған заман еді ғой». Мектебіміздің 2 «А» сынып оқушысы Алмасбек Ерден тыл ардагері болған өз әжесінің ерлік істері туралы әңгімелеп берді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы құндылықтарының арқасында ұлттық тін үзілмейді.