Отбасы іргетасының бекем болуы үшін...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы іргетасының бекем болуы үшін...

 

Қазіргі таңда кейбір жастардың отбасын құрып, оны сақтау мәселесіне атүсті қарайтыны жасырын емес. Отбасын құрудың жеке адам үшін де, қоғам үшін де пайдалы дүние екені, адамды жауапкершілікке тәрбиелейтіні аян. Отбасы барлық уақытта бала тәрбиесі мәселелерін шешуде басты рольге ие. Отбасы құндылығын басты ұстын еткен ата-аналардың балалары да алған тәрбиесін ұрпағына жалғасытырып әкетеді. Некелесу ер азаматқа да,  отанасына белгілі бір жауапкершіліктерді жүктейді. Ер адам – отбасының асыраушысы, ол әйелі мен баласын материалдық және рухани тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті болса, әйелдің міндеті – күйеуіне бағыну, балалардың тәрбиесіне жауаптылығы,  ерінің тапқанын ұқсатып отыру. Балалардың отбасындағы тәрбиесі әрине ата-анасына жауапкершілік жүктейді. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы іргетасының бекем болуы үшін бүгінде Шымкент қаласындағы орта білім беретін мектептерде де, жоғарғы оқу  орындарында да ұстаздар арнайы лекциялар ұйымдастыруда. Одан бөлек, ақыл айтар аға буын өкілдерімен кездесулер де өткізіледі.