Құндылықтармен сусындайтын бастапқы ұя
Отбасы-болашақ азаматтың құндылықтармен сусындайтын бастапқы ұясы. Ол санасы қатпаған баланы еңбекке баулып, тәрбие нәрін себеді. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, жауапкершілік сынды құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Тәрбиелі отбасыдан шыққан бала қоғамға зор үлес қосатын азамат болып қалыптасады. Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасындағы тәрбиеге де баса мән беру қажеттігі туындайды. Бұл өз кезегінде баланың көше тәрбиесі ықпалында кетіп қалмауының алдын алады. Отбасы тәрбиесінің проблемасы – отанасының отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Дегенмен бүгінгі бала бұрынғының баласы емес екендігін ескеру қажет. Өркениеттің жалына жармасқан шақта балаға барынша көңіл бөлу қажет. Тәрбие мәселесін мектепке ысырып қоя салуға да болмайды. Ата-ана махаббатына бөленіп өскен баланың ой өрісінің дамуы да өзге балалардан өзгешеленіп тұрады.
Бақтыгүл Қалыбаева,
психолог,
Шымкент қаласы
Құндылықтармен сусындайтын бастапқы ұя
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode