Ұлттық құндылық ешуақытта да құнын жоймайды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Майра Ормолдаева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Педагогика және мәдениет факультетінің театр және эстрадалық шығармашылық кафедрасының аға оқытуышысы:

 

  • Тойлар түрліше өтіп жатады. Көңіліңізден шықпайтындарын айтып өтсеңіз...
  • Бізде кейбір әдемі дәстүрлермізді көңілімізден шығатындай етіп ұсына алмайды. Сөйтіп құндылығын жойып аламыз. Адамдар одан шаршайды. Дамыған заманда жастар өздеріне ұнайтын әдет, дәстүрлерді көргісі келеді. Шымкентте өтетін тойларға адам көп шақырылады. Тойларда отбасы құндылығы басты ұстын екенін дәріптей беруіміз керек. Қыз бен жігіттің арасында алтын көпір салушы кім? Әрине, жеңгелері. Мұның барлығы да жеңгелердің де, қайынсіңлілердің де ең басты міндеттерінің ұмытылып бара жатқандығынан болар. Жеңгелеріміз жақсы тәрбие көрсете алмай жатыр ма? Әлде басқалай себебі бар ма? Әйтеуір басқа ұлттың дәстүрлері кірігіп кетеді. Жақсысын аламыз ғой. Баланың тұсауын кескенде қамшы, кітап, ақша қойып жүрміз. Қайсысын таңдайды деп. Бұл кәріс ұлтының салты. Ғұмырларында үш ақ рет той жасайды. Таңертең үстелдің үстіне түрлі заттарды күрек, қалам, бәрін қояды. Қайсысын таңдайды деп аңдиды. Күрек алса пиязшы болады деп қуанады екен. Бізде осыны алдық. Аздап қазақыландырдық. Қамшы, кітап қойып. Көпұлтты мемлекет болғандықтан ол да дұрыс шығар.
  • Бүгінде тұсауды әйел адам кеспейді деп түрліше пікір білдіріп жүргендер жетерлік. Қостайсыз ба?
  • Тұсау кесетін адамды үш бөлікке бөлеміз. Біріншісі 25 - ке толмаған қылшылдаған жас. Қоғамда еңбек етіп жүрген азамат, ең басты талап - ол адам сүріншек, жайбасар болмауы керек. Өмірде өз орнын тапқан болуы, ширақ болуы керек. Сондай адамға баланың тұсауын алдынан кестірген. Себебі алдынан жүріп өмірді көрсетемін деген мағынада. Егер Пайғамбар жасына жеткен адам болса ол орта жастағы адам болып есептеледі. Баланы қамқорлығыма, қанатымның астына аламын, бұдан кейінгі өміріне жауап беремін деп тұсауды жанынан отырып кескен екен. Егер асарын асап, жасарын жасап, бір ғасырға жуық жасаған адам кесетін болса, баланы алдынан да, жанынан да кестірмеген. Өйткені ол бір аяғы келместің кемесінде тұрған адам. О кісіге тұсауын артынан кестірген. Алдыға жүгіртіп жіберіп батасын берген. Әйел кеспеуі керек деп емес, осы үш белеске бөлуіміз керек.
  • Ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеуші Зейнеп Ахметованың кітаптарын бағдарға аласыз ба?
  • Әрине, бағдарға аламын. О кісінің кітаптарын оқып, көңіліме тоқығандарын аламын. Білім саласындағы ұстазым, профессор Лесхан Камалова болатын. Со кісі қанатының астына алып талай нәрсені үйретті. О кісінің айтқандарын мен іске асырушы маман ретінде танылдым. Ахметованың «қайшымен кесуге болмайды, өмірі қайшыланып кетеді» дегенін Несіпхан апам құптамайтын. «Қолымдағы қайшының оң қанатын Қаратауға жаныдым, сол қанатын Алатауға жаныдым» дейтін тұсау кескенде. Осы уақытқа дейін талай адамның тұсауын қайшымен кесті ғой. Өмірі қайшыланып кетсе талай адамдікі қайшыланып кетер еді ғой... Білмеген шығармыз. Бәрі адамның ниетіне байланысты. Таным, түсінігімізге байланысты. Зейнеп Ахметова апамыздың салт дәстүрге қатысты көптеген дүниелерін іске асырамын. Кетіп бара жатқан қыз тұрмысқа шыққанға дейін үкілі бөрік киіп жүрген. Ал келін болғанда кимешек киеді, қасаба киеді. Кетіп бара жатқанда басындағы үкісін қасындағы қыздарға бөліп берген екен. Осы дүниені Зейнеп апамнан оқыдым. Бүгінде осы дәстүрді дәріптеп жүрген жәйіміз бар. Құнары мен құндылығы көп салт дәстүрімізді халықтың санасына сіңіру маман ретінде біздің басты мақсатымыздың бірі.
  • Торт жегізу, гүл лақтыру сынды шетелдік дәстүрлерді тойларымыздан түре қуып шыға аламыз ба?
  • Торт жегізу 5-6 жылдан бері тоқтады. Кезінде облысымыздың бас идеологы болған Әли Бектаев сонау бір жылдары тойда жүрген, той басқарып жүрген, видеоға түсіретіндерге дейін жинап жиын өткізген болатын. «Халықтың арасында сіздер жүрсіздер, дұрыс насихат жүргізіңіздер. Тойда келін қайынатасының аузына торт тықпалауы қаншалықты дұрыс деп» ойлайсыздар деген болатын. Содан торт мәселесі тоқтады. Қалыңдықтың артына гүл лақтыруы да өзге ұлттан келген. Оның орнына үш зат - алма, кәмпит, орамал үш затты лақтырайықшы орамал кімге тисе жақында тұрмысқа шығасыз деген, кәмпит қадамыңыз тәтті, алма өмірлік жарыңыз жақсы болады деген мағынада.
  • Жол көрсететін кімдер – біздер, мамандармыз. Сондықтан да барынша салт дәстүрімізді басты ұстын етуге тиіспіз. Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық құндылық ешуақытта да құнын жоймайды.