Құндылықтарды құрметтеу – басты талап

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Құндылықтарды құрметтеу – басты талап

Шымкент қаласындағы №99 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өзін-өзі тану пән мұғалімдері мен мектептің психологтарының ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілік махаббат бастауы» атты онлайн іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет ету»мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту. Өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. 1.Жағымды көңіл күйге келу. Сүйіспеншілік танытуда,жақсылық жасауда батыл болыңдар! Қиындықтарға қарамастан, өз бойларыңдағы жасампаз сүйіспеншілікті жарыққа шығаруға тырысыңдар.

2.Тренинг «Шаңырағымыз шайқалмасын.» Тренингтің мақсаты: Оқушылар бір-бірімен тату болуы бір мектептің сыныптың астында оқушылардың ұжымшылдығын,ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттыру. Мұның барлығы да кейін отбасы жарасымдылығын арттырып, татулық дәнін себетіні анық. Осылайша отбасылық құндылықтың құнын арттыру.
3.8 В сынып оқушылары хормен « Бес құндылық» әнін айтып, мектебіміздің басқа оқушылары әндер айтты. «Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға , ата-аналарға,ұстаздарға берер көмегі зор,бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап,өмірге деген жақсы көзқарасын оятып,бір-біріне деген қарым-қатынастарын жақсартып,өмірдің дұрыс жолына бағыттайды.Сонымен қатар,адамның рухани жан дүниесін байытып,ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр. Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуіріндегі өрелі жаңалықтардың бірі жалпыадамзаттық құндылықтардың өзекті мәселесі болып отырғандықтан, мұғалім нұр себуші,нұр таратушы , бала –сол нұрды іздеуші,сол нұрға ұмтылушы болып табылады.Оларға сүйіспеншілікті, мейірімділікті ,ізгілікті, адамгершілікті,шабыттандыру,құлшындыру,өмірлік бағытын іздеуге бағыт-бағдар беретін сіз бенен біз.
Қорытынды: Тіршіліктің негізгі тірегі- сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесапатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік ізгілік жаршысының қолында кез-келген дұшпанды тізе бүктіретін қару және барлық қақпаны айқара аша білетін кілт бар.Ол-сүйіспеншілік.Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен ! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген : сүйіспеншілікпен туылып,сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз!