"Менің отбасым"

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

"Менің отбасым"

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы оқушылардың саналы, білімді, тәртіпті, тәрбиелі болып өсуі үшін әрдайым қосымша байқаулар, іс шаралар ұйымдастырып тұрады. Тек мектеп қана емес, отбасында да тағлымды тәрбие алған бала қоғамға қызмет ететін саналы азамат болып қалыптасады. Сондықтан да мұғалімдер ата-аналармен тығыз жұмыс істейді. Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін түрлі шараларды жиі ұйымдастырады. Қазіргі жағдайға байланысты мұндай іс шаралар уақытша тоқтап тұрғаны белгілі. Дегенмен жуырда мектеп ұжымы онлайн түрде "Менің отбасым" тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырды. Осене атсалысты. Көрмеге білім алушылар өз отбасыларының қызықты суреттерімен қоса өз ой-қиялдарын ұштастыра ақ қағаз бетіне түсірген қылқалам жұмыстары да назарға ұсынылды