«Баланың бас ұстазы ата-ана»

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

 «Баланың бас ұстазы ата-ана»

«Баланың бас ұстазы ата-ана». Расында отбасында ата-анасынан тәлімді тәрбие алған бала ешуақытта да әулетін ұятқа қалдырмайды. Тағылымды тәрбие көріп, отбасылық құндылықтардың мәнін, мағынан түйсініп өскен бала нағыз азамат болары сөзсіз.  Әрбір ата-ана өз перзетінің саналы, иманды да ибалы, тәрбиелі болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін барынша тәрбиелеуі қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілікті терең  сезінетін  отбасыда тәрбиеленген бала бақытты бала. Бақытты отбасында тәрбиеленген бала өзін толыққанды азамат сезінеді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы ол отбасы, туған ұясындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы ата-ана» дегендей, бала жасынан тілалғыш етіп баулыған жөн. Әр бала тәрбиенің қайнарын әуелі отбасынан, мектептен, одан соң белгілі бір оқу орындарынан алады. Жастарды болашақ отбасы өміріне даярлау үшін балабақшадан кейінгі кезеңінен-ақ «отбасы» деген тақырыпта әңгіме құрып, әр дүниенің парқын оның мәнісін өз уақытында түсіндіріп, олардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыпты ұғындырып, санасына сіңіріп отырған жөн. Тәрбиенің белгілі бір әдісін баланың өскен ортасына, алған тәрбиелік бағытына, жас ерекшелігіне, сыныбына, тағы басқа артықшылықтарына қарай кейбір балаға қолданғанда ойдағыдай нәтиже берсе, екінші бір жағдайда нәтиже бермеуі де мүмкін. Отбасында қанша бала болса әрқайсысының мінезі әртүрлі. Қабылдау дәрежесі де, түйсігі де, пайым парасаты да әртүрлі болады. Дегенмен ата-ана баланы бөліп жармай, барынша саналы, тағылымды тәрбие бергені дұрыс. Бар жауапкершілікті мектпке артып қойған дұрыс емес. Өйткені бала сіздікі. Басты тәрбие де отбасында берілуі керек.

Маржан Рақаева, психолог, Шымкент