Әжелер ақылы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Әжелер ақылы

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N99мектеп-гимназиясында балаларды тек білім берумен ғана шектелмейді. Жан-жақты дамыған, білімді де білікті, өоғамның бір кірпіші болып қаланатындай нағыз азамат болып қалыптасуына да ұстаздары тер төгеді. Әсіресе балаларды шалыс баспауы үшін "Қылмыссыз балалық шақ" акциясы ұдайы өткізіліп тұрады.  Акция негізінен түрлі тақырыптарда өтеді. Осы акция аясында "Ата-аналармен жұмыс" күні белгіленген. Онда  "Әжелер ақылы" тақырыбында оқушылармен кездесу өтеді. Көргені көп, көкірегіне түйгені одан да көп әжелер қауымы оқушыларға тәлімді де тәрбиелік мәні зор ақыл кеңестерімен бөліседі. Қазіргі таңда акцияны өткізуге аз ғана үзіліс болып тұр. Одан кейін ині шара жалғасын табатын болады.

 

Аяулым Арыстанбек