Тегін қызмет көрсетеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тегін қызмет көрсетеді

Қазіргі таңда Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығында» қала жастарының уақыттарын тиімді өткізуге арналған 9 үйірме тегін қызмет атқарып жатыр. 14-29 жас аралығындағы қала жастары апталық кестеге сәйкес, Stаnd up клубы, Пікірсайысшылар, Кітап клубтары және SULU Models модельдік агентігі, сонымен қатар орыс тілі үйірмесі, шахмат, тоғызқұмалақ, ақындық өнер, актерлік шеберлік (кино) және Q-pop би үйірмелері мен қатар «Бала асырап алушылар» мектебінің тренинг сабақтары, Волонтёр ұйымдарына қатыса алады. «Еліміздің барлық аймақтарында Жастар ресурстық орталықтары қызмет етіп жатыр. Жастар орталығы – жастарға берілген мүмкіндік. Бір жағынан жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, сол арқылы жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға қосатын үлесі көп. Айта кетсек, өзін дамытам, үйренем, жетістікке жетем деген жастарға қол үшін беру және бағыт бағдар көрсету. Сонымен қатар, бағдарламар туралы айтар болсақ, білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылып келеді.  «Серпін» бағдарламасының мақсаты – еліміздің оңтүстігіндегі жастарды кадр тапшылығын көріп отырған солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл, бір жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюына да септігін тигізеді.

Jas.kz