Алдын алу шарасының нәтижесі жаман емес
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N99мектеп-гимназиясында Ішкі істер органдарымен бірлесіп "Қылмыссыз балалық шақ" акциясы өткізіліп тұрады. Профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы ретте оқушылар арасында адам өміріне зиян келтіретін заттарды тасып жүрудің алдын алу мақсатында "Абай бол!" тақырыбында профилактикалық іс-шара, рейдтік жұмыстар, "Суық қаруға жол жоқ!" петициямен таныстыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушыларына "Заң-Оқушы-Қоғам" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіледі. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда оң нәтиже болмақ. Оқушы тәрбиесіне баса мән беретін ұстаздар қауымының тағылымды жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Алдын алу шарасының нәтижесі жаман емес
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode