Керемет бейнеролик ұсынды
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыл болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне елімізде көптеген шаралар мектеп оқушылары арасында қашықтықтан өткізілуде. Бүгінде сиреп қалған майдангерлерге деген құрметпен N75 мектеп- гимназиясының 4 В сынып оқушылары керемет бейнеролик жасап шықты. Әлеуметтік желі арқылы ұсынылған керемет дүние Шымкенттегі өзге мектептерде де қолдау тапты. Бейнеұсынылымда оқушылар ұрпақтар сабақтастығын, майдангер аталарының ерлігін үлгі тұтатындарын тілге тиек еткен. Сондай-ақ, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы құндылықтарын да жоғары бағалайтындықтарын айтты.
Керемет бейнеролик ұсынды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode