Басты орында...
Елімізде Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының атқарып отырған жұмысы ауқымды. Әйел-анадарымыздың мемлекет тарапынан қолға алынған түрлі бағдарламаға қатысу үлесі артып келеді. Бағдарламалардың бірінші бесжылдығында 770 жоба іске қосылған болса, бұл жобаларға 63 мың адам тартылған, оның 18 мыңы (29%) әйелдер. Тұтастай алғанда, әйелдердің еліміздегі ІЖӨ-ге үлесі шамамен 40% жетеді. Бүгінгі таңда әйелдердің ел экономикасындағы санын арттыру күн тәртібінде тұрған мәселе. Халықаралық валюталық қор сарапшыларының пікірінше, «Еңбек нарығына әйелдер барынша көп шыққан сайын, әлемдік ІЖӨ мейілінше өсетін болады. Бір қатар елдерде нәзікжандылар экономиканың өсуін 30%-ке жеделдетуге қабілетті дейді. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының гендерлік аспектілерін жетілдіру міндеті қойылған. Бүгінде Үшінші мегаполис Шымкентте аталған міндет жоғары деңгейде орындалуда. Ұлттық комиссия мемлекеттік органдардың орталық және жергілікті органдарына әйелдердің еліміздің экономикасының дамуына қатысу белсенділігін арттыру, гендерлік теңдікті және халықтың репродуктивті денсаулығын сақтауға қол жеткізуге бағытталған тиісті ұсынымдар әзірлеген.
Басты орында...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode