Қашықтықтан тәрбие сағатын өтті
Шымкент қаласындағы № 75 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сынып жетекшісі Қалсейтова Гүлжаухар Ыбырайқызы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ерлікке тағзым» тақырыбында қашықтықтан тәрбие сағатын өтті. Сыныптың ата-аналар комитеті төрайымы Қазиева Күлпаш Борсықбайқызы оқушыларды осынау ұлы мерекемен құттықтады.
Соғыстың зарлы заманы-
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ерлікке толы өткені,
Ұмытылмай тұрды ер ісі.
Оралмай қалып майданнан,
Хабарсыз кетті қанша ұл.
Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен ел қорғаған батыр ата-апаларымызға, жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. Оқушылар елін қорғаған азаматтарымыздың ерлігімен танысып, оларға бас иіп тағзым етті. Бұл өз кезегіне оушылардың ұрпақтар сабақтастығын, отбасы құндылығын түйсінуіне жол ашатыны сөзсіз.
Қашықтықтан тәрбие сағатын өтті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode