Әрдайым қолдау білдіреді
Елдегі орын алып отырған төтенше жағдайға қарамастан өз жұмысын тоқтаусыз, қалтқысыз атқарып жатқан әрбір ұстазымыз күн сайын шәкірт жүрегіне жол табу үшін түрлі жолдарды іздестіруде. Бұл жаңа форматтағы оқыту барлығымыз үшін жаңашылдық болғандықтан әрбір ұстаз жауапкершіліктің қандай ауыр екенін түсініп, өтіліп жатқан сабақтар барысында оқушыларға жеткілікті ақпараттар беруге тырысуда. Қашықтан оқу оқушылардың ғана жаңа қырынан танылуына мүмкіндік беріп қоймай, ұстаздарымыздың да өз жұмысына берілгендігін, сан қилы шебер маман екендіктерін көрсетіп жатыр. Шымкент қаласындағы Ә.Мүсілімов атындағы мектеп-лицей ұжымы жаңашыл бастамаларға әрдайым қолдау білдіреді. Ел болашағы үшін қызмет етіп жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі - Сәуле Дәулетбекқызы күнделікті жұмыс барысының керемет бір сәтімен бөлісті. Оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, тәрбиесіне де баса мән беретін ұстаз әрдайым отбасы құндылығын, ата ана тәрбиесін, ата-әже тағылымын құрметтеуді шәкіртттеріне айтуды ұмытқан емес.
Әрдайым қолдау білдіреді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode