75 жылдыққа №75 мектептің сыйы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

75 жылдыққа №75 мектептің сыйы

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні- бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер- солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Бүгінгі ұрпақ аға буынның ерлігін дәріптейді, ерен еңбектерін ұмытпайды. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы болса керек. Аталарының ерең ерлігі отбасының бір құндылығы болып саналады.  Осынау мереке қарсаңында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай № 75 мектеп-гимназиясының  11 «Ә» сынып және 5 «Ә» сынып оқушылары «Жеңіс күні» әнін қазақ және орыс тілінде шырқады. Елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!