Жақсы дәстүр –отбасының тірегі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жақсы дәстүр –отбасының тірегі

 

Отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс- шаралар ұйымдастыру назардан тыс қалған емес. Негізі мұндай шараларды ұйымдастырудағы  басты мақсат - қазақ халқының өз елінің тарихы, оның мәдениеті, ұлттық салт- дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары, жеке ұлттық- мәдени тамырлары туралы білімге деген мұқтаждығы, қазақстандық қоғамға мемлекеттегі отбасы мәртебесін жаңарту және нығайту бойынша сөз қозғап, отбасы мәртебесін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау. Бақытты отбасы мүшелері өз жетістіктерінің қыр- сырламен, күнделікті тәжірибелерімен бөліседі. Мұндай басқосуларда ақылы дария әжелеріміз, алтын алқалы аналарымыз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісетін болады. Жиынға қатысып, бағдарламаны көрген әрбір азамат өз санасында отбасы мүшелеріне деген қадір- қасиетті дамытып, бірі-бірін бағалайды. Кіші отан саналатын отбасы бақытын, отбасы құндылығын дәріптейтін мұндай шаралар алдағы уақытта Шымкент қаласында өткізілетін болады.