Ізденіс – басты мұраты

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ізденіс – басты мұраты

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінің "Өзін-өзі тану" пəнінің мұғалімі Юльчиева Васила әрдайым оқушылары үшін ерекше оқу форматын ұсынады. Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Ұстазының еңбекқорлығына тәнті болған оқушылар оның сабағына қызыға қатысады. Васила Юльчиева өзі жетекшілік етіп отырған 6"В" сыныбының оқушыларымен бірлесе бейнетүсірілім жасады. Онда «Денсаулық құпиялары» тақырыбында түрлі қызықтармен бөлісті. Қазіргі жағдайда қашықтықтан оқыту жүйесі туралы айта келіп, «Үйде бол» тақырыбын оқушыларымен бірге талқылады. Оқушыларды спортқа баулу олардың жаман әдеттерден аулақ болатыны туралы түрлі малұматтар берді. Бос уақытты тиімді пайдалану ең алдымен қылмыс сынды жаман жолдан сақтандыратыны туралы да пайдалы ақпараттар мол болды.