Жобаның нәтижесі жоғары
Бүгінде жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып келеді. Ұлттық комиссия жұмысының маңызды бағытының бірі - отбасылық құндылықтарды әсіресе жастар арасында нығайту болып саналады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының жүзеге асырылғанына да біраз уақыт өтті. Жобаның нәтижесінде Шымкент қаласыда Отбасы, жастар және балалар істері жөніндегі басқармалар ашылған болатын. Бүгінде аталған басқарма отбасы институтын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бағытында да біршама тірлік жүзеге асырылуда. Жастар ресурстық орталықтары жанынан жас отбасыларын қолдау клубтары ашылды. Олардың жұмысы отбасы құндылықтарын қалыптастыруға және нығайтуға, ажырасулардың алдын алуға бағытталған. Қолға алынған жобалардың нәтижелері жаман емес.
Жобаның нәтижесі жоғары
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode