Онлайн форматта ашық тәрбие сағаттары өткізіліп жатыр
Шымкент қаласы білім беру басқармасына қарасты №14 жалпы орта білім беретін мектебінде елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты өскелен ұрпаққа патриотизм, отбасылық құндылық, қоғамда ынтымақтастық пен өзара қолдауға бағытталған «Бірлік пен келісім» тақырыбы бойынша онлайн форматта ашық тәрбие сағаттары өткізіліп жатыр. Сынып жетекшілері оқушыларға отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкендерді құрметтеу тақырыбында арнайы дәрістер дайындаған. Біліммен қатар тәрбиені де назардан тыс қалдырмау қажеттігін басты ұстын еткен ұстаздар қауымының ашық сабақтары жоғары деңгейде өтуде.
Онлайн форматта ашық тәрбие сағаттары өткізіліп жатыр
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode