Еселі еңбектің арқасында...
«Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп -лицейінің оқушылары қашықтан білім алып қана қоймай Daryn. online платформасының тапсырмаларын орындап, жүзден жүйрік оқушыларымыз жүздікке еніп қуантуда. Халқымыз "Болар баланың бетін қақпа, белін бу" демекші, бағыт бағдар беріп отырған ұстаздардың еселі еңбектері мен оқушылардың мақсатқа берік қасиеттері деп білеміз. Мектеп -лицейіміздің тұғыры биік болсын. Еліміздің кемелді келешегі -жастарымыз -білімді, болашағы жарқын болсын. Жеңісті де, жемісті күндер алда» дейді мектеп ұстаздары. Аталған мектеп қаламыздағы үздік мектептердің қатарында. Оқушылар оқу да ғана емес, байлауларда да биіктерден көрінеді. Білім бесігінде әрдайым тәлімді де тағылымды тәрбие сағаттары өткізіліп тұрады. Әсіресе жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында да ашық сабақтар өткізіледі. Соның арқасында мектеп оқушыларының жаман аты шыққан емес.
Еселі еңбектің арқасында...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode