Идеяға баса назар аудару – сәттілік кепілі
«Асыл арман» компаниясының негізін қалаушы Алма Архабаева – табысты бизнес және көп балалы отбасының үйлесімділігінің жарқын көрінісі. Бизнес ханым «балалар – бизнес дамуына кедергі емес» деп санайды. Шымкенттік кәсіпкер ханымдардың көшбастаушысы өзге жас кәсіпкерлерге үлгі көрсетіп келеді. «Отбасым – әрқашан энергия силайтын менің шабытым. Бұдан бөлек, мен балаларыммен тең дәрежеде, сеніммен сөйлесуге тырысатынмын, сондықтан біз нағыз досқа айналдық, біз бір-бірімізді қиын сәтті қолдай аламыз», – дейді Алма Архабаева. Өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, Алма Архабаева сәттілікке әкелетін бірнеше тиімді ережелерді айтты: жеке идеяға ғашық болып, өз күшіңе сену керек; бизнесте белгілі бір батылдықты, тәуекелділікті таныту қажет, бірақ шамадан тыс емес; адамдарды жақсы көріп, олармен ынтымақтастық орнату; жауапкершілік негізін басқаларға ысырмай өзің көтеру. «Кәсіпкерлік тәжірибеме 9 жастан қалыптасты – бір шелек шие саттым. Сол уақыттан бері қалай сату керек екенін түсіндім. Сата білу және жеке бизнес бөлінбес элементтер. Бұл болт пен гайка секілді нәрселер. Бөлек-бөлек олардың тиімділігі шамалы. Сіз сансыз кітап оқып, көптеген тренингтерге қатысуыңыз мүмкін, бірақ тірі тәжірибені ештеңемен алмастыра алмайсың», – деді Алма Архабаева. Кәсіпкер ханымның өзгелермен бөлісер табыс формулалары да жетерлік.
Идеяға баса назар аудару – сәттілік кепілі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode