Отбасы құндылығын да ұмыт қалдырмайды
Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақ елі - татулықтың мекені» тақырыбында еркін мазмұнда эссе жазу байқауына №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары да өз үлестерін қосуда. Тарих-география әдістеме бірлестігінің ұстаздары Элмира Жапишева, Маусымжан Эрекова, Пернекүл Керимованың жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушысы А. Орынбек, 10 «В» сынып оқушылары А. Әбдірахман, А. Асанханова бақ сынауда. Татулық тақырыбын басты ұстын еткен оқушылар отбасы құндылығын да ұмыт қалдырмайды. Озат оқушыларға әрдайым сәттілік серік болып, бағындырар белестері де биік болмақ.
Отбасы құндылығын да ұмыт қалдырмайды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode