Бұрымдылар биікті бағындырады
Шымкентте «Жас кәсіпкер» жастарға арналған жаңа бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Кәсіп ашуға ниеттілердің қатары қалың, тіпті зейнеткерлікте отырғандар да кәсіп бастауға ниетті. Кәсіпкерлік негіздеріне оқуға үлкен қызығушылық орасан. Әсіресе әйелдер қауымы басым. Гендерлік саясаттың жарқын көрінісі осы болса керек. Әйелдер тек билікте ғана емес, кәсіпкерлік саласында да биіктерді бағындыруға қауқарлы. Бүгінде шымкенттік жастарға кәсіпкер болуға мүмкіндік көп. Ең алдымен тегін білім ала алады. Одан қалса, мемлекеттен берілетін тегін грант тағы бар. Шәкіртақысы да жетерілктей. Былтыр бір ғана Шымкент қаласына 4 мың грант бөлінген болатын. Ал биылғы грант қаражаты да қомақты болмақ. Белгілі болғанындай кәсіпкерлік негіздерін оқуға тілек білдіргендердің 68 пайызы нәзікжандылар. Грант ұтып алып, кәсібін табысты жүргізіп жатқандардың басым бөлігі де бұрымдылар құрайды.
Бұрымдылар биікті бағындырады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode