Құндылықты құнттау - аналардың міндеті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Құндылықты құнттау -  аналардың міндеті

Шымкенттегі мектептерде, жоғары оқу орындарындағы кездесулерге жиі шақырып тұрады. Отбасы құндылығы, жастар тәрбиесі, кішге ізет етудің, үлкенге құрмет көрсетуді барынша жастардың санасына жеткізуге тырысамын. Қазіргі таңда тәрбиенің бой-бойы қақырап, сөгіліп бара жатқаны жасыратын жәйт емес. Сондықтан да аға буын өкілдерімен тағылымды кештер көбірек ұйымдастыру қажет. Біреуінің болмаса, біреуінің санасында қалары анық...  Бүгінгі қыздарымыз ертеңгі күні ана болуы керек. Алла Тағала қыз етіп жаратқаннан кейін ертеңгі күні бір босағаны аттап келін болады. Ары қарай сол шаңырақтың әулетін, тегін өсіру міндеті тұр. Содан кейін ана, одан кейін әже болады. Өмір сөйтіп жалғаспай ма? Отбасылық құндылықты құнттау да аналардың міндеті. Өзіңнің ұлтыңа жаның ашыса, алдымен қызыңның тәрбиесіне қарауың керек. Қызына тәрбие бере алмаған, қызының намысын қорғай алмаған елдің іргесінен ырыс-ынтымақ кетеді. Ел ел болам десе алдымен қыздың тәрбиесін жөндеуі керек. Баяғыда бір қыздың намысы үшін бір рулы ел атқа қонған. Қазақ халқы басынан нешеме зобалаңды өткізсе де, қызының намысын жатқа таптатпаған. Жер дауы, жесір дауы ең үлкен дау осы болған. Сондықтан да қыз тәрбиесіне бала жастан мән беруіміз керек.

Камшат Тасыбаева,

Зейнеткер,

Шымкент қаласы