Ауқымды тақырып талқы таразысына түсті
Шымкент қаласының білім басқармасы «Шымкент қаласының әдістемелік орталығы» КММ-нің 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 06 мамыр күні «Психология» әдіскері Орынбекова Данара ZOOM бағдарламасы арқылы барлық білім беру мекемелерінің педагог-психологтарымен «Қашықтан оқыту кезінде кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу немесе суицидті қалай тоқтатуға болады?» тақырыбында вебинар өткізді. Қашықтан оқу жағдайында ата-ана мен бала, мұғалім арасында туындаған суицидтің алдын алу және шешу жолдарын қарастыру, мұғалім мен ата-ана арасындағы ынтымақтастық жолдарын талқылау мақсатында №42 Хамза атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Б.Нурсадыкова баяндама жасады. №131 жалпы орта мектебінің педагог-психологы И.Таженова практикалық қолөнер жұмысы арқылы оқушыны аутодестируктивті мінез-құлықтан арылту жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Сондай-ақ, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жайындағы тақырып талқы таразысына түсті. Вебинар соңында кері байланыс жүргізіліп, ұсыныстар айтылды.
Ауқымды тақырып талқы таразысына түсті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode