Ұсыныстар айтылды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ұсыныстар айтылды

Шымкент қаласының білім басқармасы «Шымкент қаласының әдістемелік орталығы» КММ-нің 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 6 мамыр күні «Тәрбие және салауатты өмір салтын қалыптастыру» жөніндегі әдіскері Баймусаева Гүлім ZOOM бағдарламасы арқылы барлық білім беру мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен «Қашықтан оқу жүйесінде мұғалім, ата-ана, бала арасында туындаған мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында вебинар өткізді. Қашықтан оқу жағдайында ата-ана мен бала, мұғалім арасында туындаған проблемалардың алдын алу және шешу жолдарын қарастыру, мұғалім мен ата-ана арасындағы ынтымақтастық жолдарын талқылау мақсатында А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 5 «Г» сынып жетекшісі (тарих пәні мұғалімі) Гаухар Айдарбекова «Қашықтан оқу жүйесінің тиімді, тиімсіз тұстары және оны шешу жолдары»,
№99 мектеп-гимназиясының 10 сынып жетекшісі Нұрманова Раушан «Қашықтан оқыту жағдайында мұғалім, ата-ана және бала арасындағы байланыс», №80 мектеп-гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі Ақжолова Назым «Қашықтан оқу жағдайында мұғалім, ата-ана, бала арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы» деген тақырыптарда баяндамалар жасады. Ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық деген ол отбасы құндылығы. Осы құндылықты құнттаған жанұя бірлік пен үйлесімділікте өмір сүреді. Вебинар соңында кері байланыс жүргізіліп, ұсыныстар айтылды.