Сынып сағаты өтті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Сынып сағаты өтті

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.П. Королев атындағы мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына қызу дайындыққа кіріскен. Әрине онлайн түрде. Бүгінде оқушылармен онлайн түрде түрлі іс -шаралар ұйымдастырылуда.  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған  "Ұмытпаймыз, ұлықтаймыз!" тақырыбында 3 «Ә» сыныбында  сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі Роза Сапаралықызы Байтілесова оқушыларға аға ұрпақтың ұлы істері туралы әңгімелеп берді. Ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болатын шараға оқушылар белсенділік танытты. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі мұраттарды тілге тиек еткен сынып жетекшісі сонымен қатар, ата-бабаларымыздың үлгі өсиеті туралы, отбасы құндылығы туралы да айтып өтті.

Аяулым Арыстанбек