Қандай мақтауыңызға да лайық
Шымкент шаһары алтын алқалы аналарымен де мақтанады. Еліміздегі әрбір бесінші сәбидің күнгейде дүниеге келетінін ескерсек алтын құрсақты аналарымыз демографияға дүркіретіп тұрып үлес қосып жатқаны шындық. Бүгінгі таңда Шымкентте 2 220 "Алтын алқа", 6056 "Күміс алқа" иегері, 511 "Батыр ана" және 769 1-ші және 2-ші дәрежелі орденмен наградталған көп балалы ана бар. Олардың қоғамға қосып отырған өлшеусіз үлесі расында орасан. Сол аналарымыздың ұландары бүгінде бірі құрылысшы, бірі мұғалім, бірі дәрігер болып еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып жүр. Баланы дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп, отбасы құндылықтарына қанықтырып, өсіру оңай шаруа емес. Демек аналарымыздың осы еңбегі қандай мақтауыңызға да лайық.
Нұрбақыт Аймағамбет
Қандай мақтауыңызға да лайық
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode