Онлайн кітап көрмесі өтті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Онлайн кітап көрмесі өтті

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №46 мектеп-лицейі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн іс-шаралар жоспарына сәйкес "Соңғы естеліктерін бүгінде кітаптар қайта тірілтті" Онлайн кітап көрмесі өтті. «Кітап-адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Осы керемет қазынаны қадірлеу-біздің еншімізде. Кітап-бар білімнің бастауы, болашаққа жол ашар киелі қазына. Кітапты оқи отырып жақсы қасиеттерді үйреніп, жамандықтан жиреніп, білімді де саналы, тәрбиелі оқушы болуға тырысамыз.
Кітап-сенің айнымас сенімді серігің», дей келе балаларымызды кітап оқуға шақырамыз, дейді ұстаздар. Ұстаздар қауымы оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі қызықты шаралар ұйымдастыруда. Өз кезегінде оқушылар ата-анасымен бірге, ата-әжесімен бірге оқыған кітаптарының мазмұнын айтып береді. Бірі детектив жанрында, бірі әдеби, бірі ғылыми кітаптарды оқуға қызығушылықтары бар екенін айтып жатыр. Үйде ата аналарымен бірге оқыған кітаптардың ішінде тағылымды тәрбиеге толы, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын кітаптар басым.