Әлемдегі ең басты құндылық...
Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Оның ішінде отбасылық құндылықтың терең мәнін ұғындыру керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Осы орайда өзін-өзі тану педагогы өзге пән мұғалімдері секілді өзін жан-жақты дамыту арқылы жетіліп отыру керек.
Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы, адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.
Шымкен қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері А.Кисабекова жылдық жоспарына сәйкес 04.05.2020 ж. қалалық «Өзін-өзі тану» пәні жас мамандары арасында қашықтан оқыту режимінде «Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің өзін дамыту, жетілдіру тәсілдері мен жолдары» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Мақсаты: Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту; Өз пәнінің саласы бойынша білімін тереңдету; Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру; Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру; Мұғалімдер вебинарға қатысты ой-пікірлерін білдіріп, кері байланыс жасады.
Әлемдегі ең басты құндылық...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode