Тәрбие бұлағына сусындату керек
Білгеніңді айтпасаң ол да күнә дейді ғой. Сондықтан да біз білгенімізді айтуымыз керек. Баяғыдағыдай емес қазір мұндай әңгімені айтатындар да азайып бара жатыр. Тереңнен толғап, өткен ата бабамыздың ерлігі, ақылгөй дана әжелеріміздің өсиетін кейінгі ұрпаққа жеткізу міндетіміз. Ұлттың ұйытқысы болу, отбасы құндылығын дәріптеу де басты парыз.
Біздің кішкене кезімізде бетінен нұры тамып тұрған қариялар болатын. Қазақтың үлгі өнегенсін ұстаған данагөй ақылмандар еді. Біз солардың өсиетін естіп, кеудемізге түйіп өстік. Қазірге дейін кәдеге жаратып келеміз. Сол бұрынғы жақсы мен бүгінгі жақсыны ұштастыра білу керек. Ұқтыра білу керек. Тәрбиелік мәні бар, рухани байытатын, мәнді де мазмұнды әңгіме айтып кейінгі жастарды тәрбие бұлағына сусындату керек. Халықтың кемеңгерлігі мен даналық сөздерін жеткізу де қарыз. Халық педогогикасы дегенің тұнып тұрған тәрбие ғой. Асылында «ана көрген тон пішер» деген рас сөз. Кеңірек тарқатсақ анасы көргенді, тәрбиелі отбасыдан шықса, қызын да солай тәрбиелейді. Уақыт өте ол да қызын да, келінін де сол тәрбиеге ұйытады. Осылайша отбасының құндылықтары ғасырдан ғасырға жалғаса береді. Сондықтан да тәрбие мекені мектептерде ақылгөй, дана аналармен жиі кездесу ұйымдастыру керек. Бүгінгі ұрпаққа айтар өнегеміз көп біздің.
Шынар Амангелдіқызы,
көп балалы ана,
Шымкент қаласы
Тәрбие бұлағына сусындату керек
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode