Жантанушылардың жауабы
Сіз ұл-қызыңызды болашақ отбасылық өмірге дайындап жүрсіз бе? Олардың ойына отбасы құндылығын сіңіре алдыңыз ба? Отбасы іргесінің сөгілмеуіне не себеп болатынын түсіндіре алдыңыз ба? Шымкенттік психолог Алма Әуелбекова осы сынды сұрақтарға жауап береді. «Кеше ғана ақ көйлек киіп «сенсіз өмір жоқ» деп серттескен, некесін қиғызған жастар уақыт өте келе бірге тұра алмайтынына көздері жетіп, екіге айырылады. Жантанушылар солардың басты себептерінің бірі ретінде адамның өзімшілдігін көрсетеді. Эгоизммен уланған сана әрине тек өзінікін ғана дұрыстайды. Өмірдің аты – өмір. Кино емес. Немесе театр сахнасы емес. Өмір бойы бір-бірін алақанға салып, өбектеп тіршілік кешу мыңның бірінің маңдайына жазылған бақ болса керек. Алып-ұшқан албырт махаббат үйленген соң, уақыт өте келе сыйластыққа ұласады. Ал оған қол жеткізе алмағандардың жолы екі айырылады. Сыйластыққа сыйластықпен жауап беру, сабырлы болу, төзімділік таныту отбасы шартының бірі. Оның қайнар бұлағы тәрбиеде жатыр. Анасынан асыл тәлім тәрбие алған қыз көстеңдеп күйеуінің алдына түспейді. Ал тәрбиесі кемшін анадан тәрбие алған қыз қыр аса алмасы тағы анық. Сондықтан да «Анасын көріп, қызын ал» деген тәмсіл тектен текке айтылмаса керек. Отбасының іргесі сетінеуінен еркектің де, әйелдің де ештеңесі кетпес. Жапа шегетін балалар. Солардың болашағын ойлаған әйел сарқылмас сабырды серік етуі тиіс. Балаларының болашағын емес, қара басын күйттеген әйелдің табар бақыты мол деп айта алмайсың. Айналып келгенде өкінішке ұрынатыны анық. Сабыр сақтап, төзімділік танытқандар ақыр соңында жеңіске де жетіп, жемісін де жейді. Ақылды әйел ерін сыйлай да, сыйлата да біледі».
Аяулым Арыстанбек
Жантанушылардың жауабы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode