Ұрпағының мақтанышы болған

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Атам соғыс туралы көп айтпайтын…

Менің атам Манашов Архарбай Ұлы Отан соғысының ардагері. Білетінім 1941 жылы соғысқа аттанып Белорус фронтының құрамында шайқасқан. 1943 жылы аяғынан ауыр жарақаттанып елге оралған. Бірнеше ордендер мен медальдардың иегері. Атам соғысты көрді, одан кейін колхозда зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. Борлысай, Кеңсай аулыдарында ферма бастығы, бригадир болып жұмыс істеген.
Мен балалық шағымда есімде атамның костюміне тағылған ордендер мен медальдарды көріп, ата не үшін берген? кім берген? деген сұрақтарға жауап бермей, біраз уақыт көңіл күйі түсіп тіл қатпай отыратын.
Мен атамның не себепті соғыс жайлы айтқысы келмегенін кейін есейген кезде түсенетін болдым. Себебі, теледидардан соғыс туралы хроникалар мен бағдарламарды, түсірілген киноленталардың өзін көру қорқынышты.
Атам 1992 жылы 14 ақпан күні 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Мен Ұлы Отан соғысы кезінде біздің Отанымыз үшін соғысқан барлық батырға ризамын және сол жауынгерлердің қатарында менің атам болғанына мақтанамын. Өзінің адал еңбегімен, ерлік істерімен ұрпақтарының мақтанышына айналған атамды әркез үлгі тұтамын! Отбасының биік ұстыны болған атамның ұрпағына қалдырған өсиеті көп.


Ардагердің немересі Архарбай Әлия Меиірбекқызы