Бақытты қариялар
Бүгін, Ұлы Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының әкімі мен орынбасарлары және аудандық ардагелер кеңесімен бірге, аудан аумағында тұратын ҰОС ардагерлерін және тыл ардагерлерін "Ұлы Жеңіс"мерекесімен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 10 Ұлы Отан соғыс ардагерлері және 1201 тыл ардагерлері тұрады. ҰОС ардагерлердің ішінде жасы үлкені 103 жасқа толады, ал ең жасы 93 жаста. Олардың барлығы да ұлын ұяға, қызын қия қондырған бақытты қариялар. Отбасы құндылығын құрметтеген нағыз асыл жандар деуге болады... Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 75 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат.
Бақытты қариялар
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode