Көрсеткіш біршама төмендеген
2020 жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов полиция генерал-майоры шенін алды. Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен - қала аумағындағы 48 көше қиылыстарында үш ауысымды полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, қала ішілік жолдарында көлік кептелісінің орын алуын болдырмады. Еліміз бойынша алғаш рет Шымкент қаласындағы барлық 147 мектептің алдында ювиналды полиция қызметкері үш ауысымды кезекшілікке тұрды. Нәтижесінде, жасөспірімдердің қатысуымен бірде бір жол көлік оқиғасы орын алған жоқ. Әрі бастаманың арқасында жастар арасындағы қылмыс көрсеткіші де біршама төмендеген. Бастаманың оң нәтижесін ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев жоғары бағалап, Қазақстанның барлық өңірлеріне осы жобаны енгізуді бұйырды.
Көрсеткіш біршама төмендеген
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode