Бақыттың кілті - отбасында
Табиғаты әсем, ауа-райы қолайлы Шымкент қаласында негізінен нәзікжандылар ұзақ өмір сүреді екен. Ұзақ жасаған шымкенттік 20 қарттың 18-і әйел адамдар болып шықты. Олардың әрбірі – тыл еңбеккері немесе Батыр аналар. Бақыттары баянды асыл аналардың қай қайсысынан сұрасаңыз да жастайынан еңбекпен піскенін айтады. Қара жұмыстан қайтпай, белі қайысқанша еңбек етіпті. Көктемнің күні жылт етісімен кетпенін күнге сүйдіріп, дала жұмыстарын белсене атқарған. Шүкір, бүгінде жастайынан шеккен бейнетінің зейнетін көріп отыр. Ұзақ жасаған аналардың біразы мемлекеттік қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Гендерлік саясат ертерек қолға алынғанда осы салада қызмет еткен айымдар көп болар еді дейді көнекөз қариялар. «Алтын алқа» иегері Шырын Абдуллаева бүгінде 108 жаста. Қаламыздың қарт тұрғыны «Бақыттың кілті – отбасында» дейді.
Бақыттың кілті - отбасында
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode