Арнайы ювеналды мектеп инспекторлары бекітілген

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Арнайы ювеналды мектеп инспекторлары бекітілген

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында  кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу күн тәртібінде тұрған мәселе. Жалпы аудан аумағында 25 орта мектептер орналасса, олардың барлығына арнайы ювеналды мектеп инспекторлары бекітілген. Ювеналды полицияның басты мақсаты- арнайы білім беру мекемесіндегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық жасауға әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге арналған іс-шараларды жүзеге асыру, құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналарды немесе заңды өкілдерін анықтап профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады. Аудан бойынша өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны төмендеген. Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының орталық ауданы болғандықтан бейнекамералар арқылы бақылау оң жолға қойылған. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселенің біріне айналып отыр. Ювеналды полиция қызметкерлері  мектепт директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасауда.