Гендерлік теңдікті жоғарылату үшін...
Нәзік жандылардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, бұрымдылардың билікке баруына жол ашу керек. Ескі наным-сенімнен арылып, жаңаша көзқарас қалыптастыру қажет. Осы ұстанымды алға тартқан «Қорғау-Астана» қоры» бүгінде онлайн түрде психологтарға арнап семинар тренинг ұйымдастыруда. Онда халықтың ұлттық дәстүрлері мен менталитетін ескере отырып, гендерлік саясатты талқылайды. «Дәстүрлер мен заманауи гендерлік рөлдер. Жанжалдар мен өзара әрекеттер». Сабақта сөз болған тақырыптар осы. Қазақстандық отбасы үлгісін сақтай отырып, гендерлік саясатты қалай жүзеге асыруға болатыны баяндалады. Жасыратыны жоқ бүгінде гендер тақырыбы — бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстандағы ең маңызды мәселе. Себебі бұл гендерлік саясат қазір елдегі теңдікті паш ететін бірден бір фактор. Осыған орай, үшінші мегаполис Шымкентте де ауқымды жұмыстары атқарылуда. Отбасының тұтастығын сақтап қоғамдағы гендерлік теңдікті жоғарылату үшін қор мұндай сабақтарды жалғастыра бермек.
Гендерлік теңдікті жоғарылату үшін...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode