Отбасылық челленджін жолдады
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №108 Хамза атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде Жеңістің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында 1-"А" сынып ұжымының "9 мамыр - Жеңіс күні"не арналған "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" атты онлайн шара болып өтті. Аға ұрпақтың ерлігіне тағзым еткен ұландар, естеліктер айтып, өлеңдер оқыды. Аталарының есімін мәңгі есте сақтайтынын айтқан оқушылар олардың ізін жалғап, игі істерге мұрындық болатындарын айтты. Сондай-ақ, 1 «В» сыныбының кішкентай бүлдіршіні Артукбаев Абдуазиз жеке отбасылық челленджін жолдады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді ұран еткен бүгінгі ұрпақ аталарының жолын жалғап, Отанына қызмет ететін айбынды ұлан болатыдықтарын айтады. Демек отбасы құндылығының жалғасы деген осы болар.
Аяулым Арыстанбек
Отбасылық челленджін жолдады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode