Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу – күн тәртібінде
Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мобилді топ құрылған. Мобилді топ Қаратау ауданы бойынша кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында ұдайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Интернет клубтар мен қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуын анықтау бойынша рейдтік іс - шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Шағынаудандарда, көшелерде ата-анасының бақылауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталса, олардың ата-аналарына алдымен ескерту жасалып, хаттама түзіледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу – күн тәртібінде
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode