Ертегі оқу челенджі өткізілді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ертегі оқу челенджі өткізілді

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 20-30 сәуір күндері 4-12 жас аралығындағы балалар ата-аналарына арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ертегі оқу челенджі өткізілді. Челендждің басты мақсаты –ата-ана мен балалардың ынтымағын арттыру, отбасы құндылығын насихаттау болып табылады. Баласына бесік жырын айтатын ана, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің қатарының арттыруға сеп болу. Одан бөлек, балалар да мәнермен ертегі оқуға деген бейімдері жоғары екенін байқатты. Байқауға 9 мектеп, 6 бала-бақшадан 80 жұмыс келіп түсті, оның 62 қазақша, 12 орысша. Нәтижесінде барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ертегі оқу техникасымен, жағымды әуезімен, дауысының әсерлі мәнерімен және шебер жеткізген бүлдіршіндер көп болды. Алдағы уақытта да мұндай қызықты шара өз жалғасын табатын болады.