Отанға сүйіспеншілік отбасынан басталады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отанға сүйіспеншілік отбасынан басталады

Отбасы – адам баласының тәрбие бұлағынан сусындайтын алтын бесігі ғана емес, ол–шағын мемлекет.  Ал, отбасы тәрбиесі – ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады. Яғни, отбасы құндылығының қайнар көзі. Фрэнсис Бэкон «Отанға сүйіспеншілік отбасынан басталады» деп айтқандай, шаңырақ шаттығын еселеу үшін, бақытты да дені сау балалар өсіріп, тәрбиелеу үшін  осы ұранды ұстанады. Отбасы –  қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты. Ұрпақтар сабақтастығы, жасы үлкендерге құрмет көрсету, балаларға қамқор болу, өзара қолдау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық тек отбасында қалыптасады. «Отбасы күні» ұлттық мейрамының  бекітілуі жас отбасыларға жан-жақты насихат жұмыстарының жүргізілуіне сеп болмақ. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы барлық аудандарда «Отбасы-бақыт мекені» апталығы атап өтіледі. Отбасы күнін тойлау бірінші кезекте некенің оң имиджін қалыптастыруға, ана болудың, әке болудың және балалық шақтың қоғамдық маңыздылығы мен мәртебесін арттыруға, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға, отбасы беделін арттыруға бағытталған. Бұл үшін көші-қон саясатында отбасының өмір сүру жағдайларын жақсарту, неке-отбасы қатынастарын нығайту, түсіндіру және насихаттау жұмысын жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың міндеттеріне елеулі рөл беріледі. Қоғамымыздың жақсы жағы отбасы маңыздылығын, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде оның рөлін, қоғамдық тұрақтылық пен прогресті қамтамасыз етуді түсінуі, отбасы мен балалардың мүдделерін есепке алу қажеттілігін мойындауы болып табылады.