Жастарға қолдау...
Бүгінде кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жөнінде де жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» өзге мекемелермен бірлесе отырып, біраз іске мұрындық болып келеді. Өткен жылғы мәлімет бойынша қала халқының саны 1 009 086 адамға жеткен. Соның ішінде жастар саны – 264 281 адам, яғни 26,2 пайызды құрайды. Мектептерде – 199 577 оқушы, арнаулы орта оқу орындарында – 37 713, жоғары оқу орындарында – 105 282 студент білім алуда. Қала жастарымен ұдайы жұмыс жүргізіледі. Оның жарқын көрінісі қалалық Әділет департаментінде тіркелген жастардың 52 ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Жастар ұйымдары жастарды ұдайы назарда ұстайды. Түрлі іс шаралар, қызықты кештер ұйымдастырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үндейді. Құрылғанына он жылға жуықтаған орталықтың басты мақсат-міндеті – жастарды ұлтжандылық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу болып табылады. Орталық пен «Салауатты өмір салтын сақтау» орталығы, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мекемелерімен құрылған меморандум түзілген. Соның аясында гинеколог және психолог мамандарының қатысуымен түрлі танымдық кештер ұйымдастырылады. Жастарды ғасыр індетінен сақтану жолдары туралы, өзге де денсаулық күтіміне байланысты танымдық материалдармен таныстыралады. Жастарға түрлі бейнероликтер көрсетіліп, рухани тәрбиені насихаттау, гинеколог, уролог, психолог мамандарының анонимді қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Өз кезегінде бұл жастарға көп көмек көрсететіні сөзсіз.
Жастарға қолдау...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode