Отбасының негізі міндеті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасының негізі міндеті

 

Кез-келген отбасының ішкі қағидаттары, ішкі тәртіптері, негізгі міндеттері болады. Жанұя жылуын  сақтап, ынтымақта бірлікте өмір сүру үшін олар өте маңызды. Бүгінгі заманда отбасындағы құндылықтың маңызы қандай? Осы мақсатта арнайы сауалнама жүргіздік.

Арайлым Бақыт, жас ана: «Бізге ата-анамыз адал жолмен нан табуды құлағымызға құйып өсірген. Біз де соны балаларымызға үйретеміз. Отбасымыз ынтымақты, тату. Ата-анасынан көрген тәрбиені балалалы да жалғайды. Оған сенімдімін. Сондықтан да алдымен ата-ана тәрбиелі болуы керек».

 

Бағдаулет Үсен, жас кәсіпкер: «Отбасының басты қағидасы тәрбие болуы кере кқой. Кез –келген жанұяда тәрбие болмаса, қалғанының бәрі бекер. Әлемнің екінші ұстазы Әл-фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпаған. Сондықтан, жас буынның тәрбиесіне бекем болу қажет. Жастайынан тәрбиенің тұнық бұлағына қанып өскен баладан көргенсіздік шықпайды».

Алтын Алмабаева, көп балалы ана: «5 бала-шағам бар. Ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырған бақытты анамын. Бәрі өз орнын тауып, бір –бір отбасының ұйытқысы болып отыр. Кішкенайынан үлкенге құрметпен қарауды, кішілерге мейірімділікпен, ізеттілікпен қарауды санасына құйдық. Кез-келген ортаға біліміңмен емес, мінезіңмен сыясың. Сондықтан, баланың кішкентайынан көркемс мінезділікке баулу қажет деп ойлаймын».