Үгіт насихат жұмыстарының берері көп
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімі қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді. Үгіт насихат жұмыстарының берері көп. Кәмелетке толмаған жастар арасында 2018 жылы – 232, ал 2019 жылы – 179 қылмыстық іс тіркелген. Атап айтсақ, Абай ауданында – 48 (2018 жылы – 57), Әл-Фараби ауданында – 60 (75), Еңбекші ауданында – 44 (46), Қаратау ауданында–27 (54) қылмыстық іс тіркелген. Бұл – 2018 жылмен салыстырғанда 53 қылмысқа кеміп отыр деген сөз. Ал биылғы жыл басынан бері аталған қылмыс түрі төмендеген. Мұның барлығы да рейдтік іс шаралар, алдын алу жұмыстарының нәтижесі.
Үгіт насихат жұмыстарының берері көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode