Ата-аналармен де жұмыс жүргізіледі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ата-аналармен де жұмыс жүргізіледі

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімі жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесе отырып қала аумағындағы оқу орындарында бірнеше  кездесу өткізуді жоспарлаған болатын. Қазіргі жағдайға байланысты тоқтап тұр. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс жалғасын табатын болады. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түңгі уақытта жүруі бойынша да рейдтік іс-шара ұйымдастырылатын. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршуі, ата-аналардың қарауынсыз қалу, тәлім-тәрбие мәселелерін барынша қолға алу қажеттігі туындап отыр. Түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген балалардың ата-аналарымен жде жұмыс жүргізіледі. Өйткені тәрбиені отбасынан тысқары қалдырған ата-аналардың жауапкершілігі де қаралады. Оларға заң талаптары түсіндіріліп, екінші қайталаған жағдайда заң басынан сипамайтыныдығы ескертіледі.  Жоспарланған барлық шараның мақсаты – жастар арасында қылмыс көрсеткіштерін азайту, сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қолдау көрсету, жастардың уақытын тиімді пайдалану көзделген.