Отбасы және гендерлік саясат

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы және гендерлік саясат

Отбасы және гендерлік саясат туралы айтылар сөз аз емес. Отбасы және гендерлік саясат мәселесін тек әйелдер арасындағы жұмыс, тек соларға ғана телінетін шаруа деп қарайтындар бар. Тіпті ауылдық жерлердегі әйелдер кеңесінің жұмысын гендерлік саясатпен шатастыратындар да бар. Егер біз әріден алып қарасақ гендерлік саясатпен біздің қазақ халқы тіпті ежелден айналысқан. Айталық қазақтар жеті атаға дейін бір-бірімен қыз алыспаған. Мұндағы мәселенің арғы жағында текті бұзбау, қанды бұзбау мәселесі жатыр. Ал ген дегеніміздің өзі осы. Сондай-ақ ағайындық ара қатынаста нағашы, құда, жиен, жезде, балдыз т.б.атаулармен атап, олардың бірін бірі қалай құрметтеуі керектігіне, тіпті шектен шықпайтындай етіп белгілеп қойғандай. Отбасында аталған ағайын арасындағы қарым-қатынасты да дәріптеп, ұлығылап, биіктетіп, сыйлайтындай, қадірлейтіндей, реті келсе әзілдейтіндей етіп жол салып қойған секілді. Кешегі кеңестік заманда еркектер мен әйелдердің құқықтарын теңестіруге күш салынды. Бірақ та ақиқатында еркектердің десі басым болып жатады. Бұл біздің халқымыздың қанына сіңген қасиет. Рас әйел мен еркектің терезесі тең. Біздің зиялыларымыз әйелдің көзін ашуды, әйелді көп оқытуды көп айтып кеткен. Олар адамшылшықтың негізі әйелде жатқанын ұғып, ұрпаққа жақсылық тарап, адам баласына пайдасы тисе екен деп тілеген. Жалпы теңдік деген дұрыс ұғым. Қазақстандағы мемлекеттік гендерлік теңдік саясаты тек өтпелі кезеңді бастан кешіп отырған секілді. Әзірше республикада әйелдердің саяси және әлеуметтік-экономикалық әлеуеті сұранысқа ие бола алмай келеді. Сондықтан жергілікті жерлерден бастап отбасылық әлеуметтік мәселелердің шешілуіне бас назар аударылса екен, әйелдерге неғұрлым сенім артылса екен дейміз. Ұлтымыздың даңқын аспандатып, тектілігімізді жан- жаққа таныту үшін гендерлік саясат мәселелерінің түйткілдерін бірлесе шешуге атсалысуымыз қажет.