Мақсат айқын
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының бөлім мамандары қала аумағындағы төрт аудан бойынша әлеуметтік карта жасақтап, ортақ чат құрған. Мұндағы мақсат та ауқымды. Негізгі мақсат – әр шағынаудан бойынша тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар саны, орын алған құқықбұзушылықтар, маскүнемдер мен жұмыссыздар, жабық топтардың нақты ақпараттарын жинақтау, келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқиға болғанда хабарлама қалдыру, жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың және күрделі мәселелерді жылдам жеткізу үшін құрылған. Келіп түскен ақпараттың ешқайсысы да назардан тыс қалмайды. Тез арада мамандар іске кіріседі. Қазіргі таңда қалада 69 учаскелік пункт бар. Оларда арнайы бекітілген мамандар жұмыс атқарады. Атап айтқанда, Абай ауданында – 17, Әл-Фараби ауданында – 17, Еңбекші ауданында – 20, Қаратау ауданында – 15 пунктке бөлініп, осыған байланысты әр учаскеге жеке-жеке чат құрылған. Қаладағы Қайнарбұлақ, Жұлдыз, Самал, Спорт, Қайтпас-1 шағынаудандары, Студенттік қалашығы және Қошқарата аумағында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Мақсат айқын
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode