Берік отбасы — берік мемлекет
Отанды сүю — отбасынан басталады. Әрбір отбасыны шағын мемлекет деп қарастырар болсақ, әр шаңырақтың өз ұстанымдары мен заңдылықтары бар. Соған қарап, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ та бой түзеп, өз сана-сезімін қалыптастырады. Отан сүйгіштік, патриотизм, ұлтжандылық, мейірімділік, сондай-ақ, имансыздық пен жауыздық, мейірімсіздік пен аяусыздық та осы отбасында алған тәрбиесінен бастау алады. Сол себепті, елім өссін, өркендесін деген әрбір адам өз шаңырағындағы тәртіпті қалыптастырып, отбасылық құндылықтарын дәріптей білуі тиіс. Және ұрпағын да соған бейімдеп өсіргені абзал. Аға буын отбаслық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді сақтауға көп көңіл бөлуді нықтап айтуда. Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған «Үлгілі отбасы» байқауы соның бір дәлелі. Байқауға қатысушылар ұлттық және отбасылық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды насихаттауды мақсат тұтады. Биылғы жылғы байқау жыл соңына қарай өтетін болады. Мұндай байқауларды көптеп өткізу керек деп есептейді
Аналар кеңесінің мүшелері. Өйткені отбасылық құндылық дәріптелетін мұндай байқаулар отбасы татулығын, ынтымағын насихаттайды. Оны көрген ұрпақ дәстүрді ары қарай алып кетеді.
Берік отбасы — берік мемлекет
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode